ҚарИУ-да қазақстандық болат өндірісінің 80 жылдығы атап өтілді
Қазақстандағы алғашқы болат балқымасының 80 жылдығы – Теміртау қаласы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін тарихи маңызы зор оқиға. Осы айтулы күнге орай Қарағанды индустриялық университетінде тақырыптық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Qarmet» АҚ-ның еңбек ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері, сондай-ақ «Металлургия» мамандығының студенттері қатысты. Кездесуде Теміртаудағы металлургия зауытынан Қазақстанда заманауи қара металлургияның дамуы бастау алғаны атап өтілді.
Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Бақыт Жәутіков өз сөзінде: «Зауыттың құрылысындағы алғашқы қиындықтар артта қалған кезде инженерлік-техникалық кадрларға деген қажеттілік артты. Сол себепті Теміртауда жеке жоғары оқу орнын ашу туралы шешім қабылданды. Біздің университетіміз 60 жылдан бері жергілікті металлургиялық комбинатқа білікті мамандар даярлап келеді. Бұл жетістіктер университет пен өнеркәсіптік кәсіпорын арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі», - деді.
Дөңгелек үстелде металлургия зауытының ардагерлері Ермек Төлебаев, Владимир Лаукарт және Әбу Әменов өз еңбек жолдары туралы әсерлі естеліктерімен бөлісіп, студенттерге жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара аясында студенттер мен қонақтар арасында еркін диалог орнатылып, жастар толғандырған сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелден кейін университеттің зертханалары мен ғылыми орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -