Алтынсарин көшесінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Ақтөбеде 15 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Соның бірі - Алтынсарин көшесі. Ұзындығы 1278 метр болатын бұл көшені “Атырауинжстрой АИС” ЖШС мердігер ұйымы жөндеп жатыр. Бұл жерде бірінші қабатына ірі түйіршікті асфальтбетон жамылғысы, ал үстіңгі қабатына қиыршық тасты мастикалық асфальт бетон жамылғысы (ЩМА) төселеді.Бұдан бөлек, Алтынсарин көшесінде осы жоба аясында суағар жүйесі және гранит бардюрлер салынады.
“Біз бір апта бұрын жұмысты бастадық. Тамыздың басында аяқтап тапсырамыз. Екі қабат асфальт жамылғысы 11 см құрайды. Асфальтқа жауын-шагында су жиналмасы үшін суағар жүйесіне ағып кететіндей жобалық шешім қарастырдық. Бұдан бөлек, біздің ұйым биыл Ақтөбенің 15 көшесіне жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Оның ішінде Тәшенов, Ағайынды Жұбановтар, Қалдаяқов, Мұхаммед-Салық Бабажанұлы көшелері бар. Жұмыстарды ыждағаттап жасауға тырысып жатырмыз”, - деді “Атырауинжстрой АИС” ЖШС өкілі Саясат Бекжанұлы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -