Ғалымдар жаңа сын-қатерлер мен қауіптер аясында Қарулы күштерді жетілдіру мәселелерін талқылады
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде «Қазіргі заманғы соғыстар: әскери қатерлерді трансформациялау контекстіндегі теория мен практика мәселелері» тақырыбында IV ғылыми-теориялық конференция өтті.
Оның жұмысына Бас штаб пен Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери басқару органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің офицерлері, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, R&D Centr Kazakhstan Engineering, «Әскери ғылымдар академиясы» РҚБ, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері, ғалымдар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты.
Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков өз сөзінде «Тәжірибесіз теория өлі, ал теориясыз практика соқыр», – деген тәмсілді алға тартты.
Форумға бастамашы болған философия докторы, қауымдастырылған профессор генерал-майор Асқар Мұстабеков жиналғандар қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың әртүрлі аспектілерін қарастырғанын атап өтті. Қатысушылар әскер түрлері мен тектерін қолданудың практикалық және теориялық мәселелерін, оларды қарулы күштер құрылысын жетілдірудің жаңа тәсілдерін іздеу контекстінде жан-жақты қамтамасыз етуді талқылады. Қауіптердің жаңа түрлері, технологияларды дамыту және қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін әскери кадрларды даярлау туралы әңгімелесті.
Конференция екі пленарлық отырыс форматында және факультеттер мен кафедралардағы секцияларда жұмыс істеді. Қарар әзірленіп, басқару органдары мен әскерлерге жіберілетін материалдар жинағы дайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -