«AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру барысы талқыланды
Абай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, фракция мүшелері қатысты.
Отырыс барысында аймақ басшысы Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламаcын орындау шеңберіндегі Жол картасынының 2024 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат берді. Әкім өз сөзінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, бизнесті қолдауды, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуды, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қоса алғанда, белсенді жұмыс жүргізілетін негізгі бағыттарды атап өтті.
Отырысқа қатысушылар бағдарламада көзделген бірқатар жобаларды талқылап, жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді атады. Жаңа әлеуметтік нысандарды салуға, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және жастарды қолдау бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында фракция мүшелері облыс әкімінің осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, облыс үшін маңызы бар жобалардың нәтижелі аяқталатындығына сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -