Антикор активтердің қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастыруда
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А. Жұмағали алқа отырысы барысында жемқорлық қылмыстарынан келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Бұл процесс бұзылған құқықтар мен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде а.ж. басынан бастап шамамен
195 млрд теңгеніөтеді. Қазақстан халқына
2,5жылда оның ішінде олигополиялар тарапынан
1,07 трлн теңгеқайтарылды.
Бұл жұмыс – БҰҰ-ның тиісті Конвенциясында белгіленген жемқорлыққа қарсы күрестің іргелі халықаралық қағидаты.
Қазіргі жағдайда қаражат көбінесе басқа юрисдикцияларға шығарылады, сондықтан ұрланғанды анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды.
Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және жеңілдетеді.
Нақты елдермен екіжақты ынтымақтастық маңызды рөл атқарады, соның арқасында Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге
736 млн доллардан астамақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылды.
Бүгінгі таңда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен
13меморандум жасасты, оның
4-іағымдағы жылы қол қойылды.
Бұл Әзірбайжан, Гонконг, Катар және Ресей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоспарында үш негізгі вектор – Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту көзделген.
______
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -