Антикор жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады: Астана қаласы, 10 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Антикор жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық жолдардың сапасыздығын атап өтті.

Осыған байланысты Агенттік пен Үкіметке осы саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жою тапсырылды.

Жартыжылдық алқаның кеңейтілген отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали атап өткендей, жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды.

Бірінші кезекте құрылыстың жоспарлаудан бастап жұмыстарды қабылдауға дейінгі барлық процестері зерделенеді, жемқорлық нормалары, мүдделер қайшылығы мен олқылықтар тұрғысынан нормативтік-құқықтық актілер, құрылыс нормалары және ережелері қайта қаралады.

Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, жобалау-сметалық құжаттама құнын арттыру, сапасыз материалдарды, жабдықтар мен технологияларды пайдалану орын алуда.

Жұмысты толық көлемде орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылады.

Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, олар бойынша залал шамамен 9 млрд теңгені құрады.

Жұмыстың екінші бағыты ретінде жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу болады.

Бүкіл ел бойынша 217 учаске қамтылды, оларға 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Агенттіктің ерекше бақылауында 12 ауқымды жоба бар.

Олардың әрқайсысына жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіретін жауапты тұлғалар бекітілген.

Барлық өңірлерде мониторингтік топтар құрылды, оған қоғам белсенділері, сондай-ақ осы саладағы сарапшылар кірді.

Талдау барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бүгінгі күні қажетсіз, қайталама жұмыстарды, күтпеген шығыстарды, оның ішінде сметалық пайданы қосу есебінен сметаны асыра бағалауға байланысты жүйелі жемқорлық тәуекелдері 15 өңірде белгіленді және ол шамамен 6,9 млрд теңгені құрады.

Мысалы, БҚО-ның «Барбастау-Ақжайық-Индер» автожолын салу кезінде бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 2 шілдесінде мониторингтік топтың трассаға шығуы барысында осы жолды қайта жасау кезінде елеулі ақаулар анықталды.

Атап айтқанда, жарықтар торы, қабыршақтану, шөгу және ірі түйіршікті асфальтбетон жабынының бұзылуы, жекелеген учаскелердегі жол киімдерінің тұтастығының бұзылуы тіркелген. Жоғарыда аталған кемшіліктер жолдың тез бұзылуына және азаматтардың наразылығына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас мердігеріне анықталған ескертулерді жою ұсынылды, олар: барлық ақаулы учаскелер бойынша асфальтбетон жабындысын фрезерлеу, жол киімінің конструкциясын кейіннен орната отырып, барлық қабаттарды ашу, көзделген жобалау-сметалық құжаттаманы тығыздау және геометриялық параметрлерге жеткізу, сондай-ақ жаңа асфальтбетон жабындысын орнату.

Сонымен қатар, Ұлытау, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Жамбыл және басқа да облыстар мен қалаларда осындай бұзушылықтар анықталды.

Өңірлердегі мониторингтік топтардың жолдарды салу және қайта жаңарту аяқталғанға дейін шығулары ай сайынғы негізде жүргізілетінін болады.

Жол құрылысы саласында жемқорлық тәуекелдерінің негізгі факторларының бірі мердігерлік ұйымдар белгілеген кепілдік мерзімі болып табылады.

Антикордың ұсынымдары бойынша Ұлытау мен Ақтөбе облысында жаңа жолдарды қайта жаңарту және салу үшін кепілдік мерзімдерін 84 айға (7 жыл) дейін, ал орташа жөндеу үшін – 60 айға (5 жыл) дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды, бұрын кепілдік мерзімі 2 және 3 жыл болатын.

Бұл шара жолдарды жөндеу және салу сапасын арттыруға, сондай-ақ мердігерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Кепілдік мерзімдерін ұлғайту жол жұмыстарын неғұрлым мұқият орындауға және жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етуі тиіс.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында.

Сонымен қатар азаматтар автомобиль жолдарының жұмысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» КММ бас бухгалтері М. Асановаға және Төлеби ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жарық-Жол» КММ бас бухгалтері К. Бесбаеваға қатысты үкім шығарды.

Олар автомобиль жолдарының жұмысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны және талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылды.

Асанова мен Бесбаева жалған бухгалтерлік құжаттар негізінде үлестес кәсіпорындарға қаражатты заңсыз аударуды жүзеге асырды, сондай-ақ 2023 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында нақты жұмыс істемеген тұлғаларға жалақыны жүйелі түрде аударып отырды.

Нәтижесінде жымқырған қаражаттың жалпы сомасы 99 миллион теңгеден асты.

Сот үкімімен Асанова мен Бесбаеваға сәйкесінше 8 және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Үкімді жария ету алдын алу шаралары шеңберінде сотталғандар ұжымдарының қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по противодействию коррупции

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар