Жұмысшы мамандықтар жылы: Қарағанды облысында білім беру мен өнеркәсіп арасындағы байланыс нығаюда
Қарағанды индустриялық университетінде Жұмысшы кәсіптері жылына арналған форум өтті. Онда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды өндірістік және әлеуметтік мамандықтар алуға тарту мәселелері талқыланды. Бір алаңға өңірдегі мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері жиналды.
– Биылғы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған Президенттің бастамасы индустриялық Қарағанды өңірі үшін ерекше өзекті. Біздің облыста білікті жұмыс қолын қажет ететін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар көп. Біз жұмыс берушілер, білім беру мекемелері мен жастар арасындағы өзара іс-қимыл жоспарын бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын келісу үшін бір алаңға жиналдық, – дейді ҚарИУ ректоры Бақыт Жәутіков. – Форум аясында біздің университет білім басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қарағанды облысында жұмыс берушілер, білім беру мекемелері мен жастар арасындағы белсенді өзара іс-қимылға ықпал ететін 100-ден астам іс-шарадан тұратын жоспар әзірленді. Бастамалардың арасында – дуальды оқыту және нақты кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін мамандар даярлау жүйесін одан әрі дамыту үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тарту.
Бұдан басқа, колледждерді білім беру мен құрылыстан бастап энергетика мен ІТ-ға дейінгі сегіз басым бағыт бойынша кластерлеу көзделген. Білім беру мекемелерінде сұранысқа ие мамандықтарды ашу жалғасады, ал қысқа мерзімді курстарда жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жұмыс орындарында даярлауды қоса алғанда, 3 мыңнан астам адам жаңа мамандықтарға оқытылады.
Кәсіби бағдар беру жұмысы да басты назарда. Облыс мектептерінде медицина, агро, ІТ, сервис және т. б. бағыттар бойынша бейінді сыныптар жұмыс істейді.
Жұмысшы мамандықтарына оқытуды ерте жастан бастайды, мектепке дейінгі балаларды жергілікті кәсіпорындарға экскурсияға апарады.
Қарағанды индустриялық университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -