Қапшағай су қоймасында судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында профилактикалық рейдтер
Азаматтық қорғаныс басқармасының, Қонаев қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері, Алматы облысы Қонаев қалалық ТЖБ құтқарушылары, прокуратура, көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Қапшағай су қоймасында судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізді.
Шаралар барысында 7 мыңнан астам демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар берілді. Сондай-ақ, рейд барысында айыппұл тұрағына 5 реактивті шаңғы мен 2 қайық қойылды. Рейдтік шараларға 97 адам қатысты.
ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша 35 әкімшілік материал құрастырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша (құқық бұзушылық, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану, сондай-ақ кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруға құқығы жоқ тұлғаның басқаруы қағидаларының) 18 әкімшілік материал құрастырылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -