Қарғалы ауданының әкімі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қарғалы аудандық мәслихатының келісімімен Нұрлыбек Амандоллаұлы Өнербаев Қарғалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ол 1980 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2002 жылы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2004 жылы – Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2002 - 2009 жылдары Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, Ақтөбе облысының қаржы департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеген.
2009 - 2011 жылдары Қарғалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған.
2011 - 2021 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, Ақтөбе облысының тексеру комиссиясының мүшесі, «Ақбұлақ» АҚ вице-президенті, Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.
2021 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -