Қарағандыда жаңа орамішілік жолдар салу жалғасады
Қарағандыда Ғарышкерлер көшесіндегі автожолды жаңарту жалғасуда. Бұқар жырау даңғылынан Камск көшесіне дейін асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Жарықтандыру тіректері, гранит шекарасы орнатылды. Гогольден Штурман көгесіне дейін екі қабат асфальт төселген. Өткелді кеңейту үшін "Гоголь – Ғарышкерлер" қиылысы қайта құрылды.
Ірі жобалардың қатарында Мұқанов көшесінде автомобиль жолдарын салу, Университет көшесін Гапеев пен Сарыарқа көшелеріне шығатын жолға дейін жөндеуды жалғастыру, сондай-ақ "Күнгей 1, 2, 3" ш/а магистральдық автожолдарын салу қарастырылған.
Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың тұрғындармен кезекті кездесуінде айтылды.
Биыл Қарағандыда барлығы 100 шақырымнан астам автожол жөнделді. Бұл қаланың автожолдарының жақсы және нормативтік жағдайдағы үлесін 79%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
– Орташа жөндеу жұмыстары 94 шақырымға жүргізілді, барлығы 309 қала көшесі, 210 жол және әлеуметтік нысандарға кірме жолдар жақсартылды, – деді Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов. – Пичугин – Новоселов және Четская көшелеріндегі жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, Камали Дүйсембековке орамішілік жол салу және Бөкетов көшесіндегі автожолды жалғастыру жұмыстары басталды. Негізгі жұмыстар 2025 жылы аяқталуы керек.
Келесі жылы автожолдардың 43 учаскесіне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Орамішілік жолдар мен кірме жолдарды жөндеу бойынша жобалар да маңызды болып табылады. Биыл 100 мың шаршы метрден астам жол жөнделді. Тұрғындардың өтініштері бойынша 27 мың шаршы метрден астам жаяу жүргіншілер тротуарлары төселді.
Жеке секторда және орамішілік жолдарда қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін екі мыңнан астам жарықтандыру тіректері орнатылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне де көп көңіл бөлінеді. Негізгі магистральдарда "ақылды бағдаршамдар" жүйесін енгізу жолдардың өткізу қабілетін едәуір арттырды. 15-ші магистраль мен ДСК-дегі, сондай-ақ Гоголь жол өтпесіндегі тосқауыл қоршаулары ауыстырылды. Алалықин көшесінде көлік қозғалысы ашылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -