Қарағандылық құтқарушы гір спортынан әлем кубогының вице-чемпионы атанды
Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық–құтқару жұмыстары қызметі №28 өрт сөндіру бекетінің қызметкері Роман Герасименко 85 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алып, 15-18 қараша аралығында Қытайдың шығысындағы Хайнинг қаласында өткен гір спорты бойынша әлем кубогының вице-чемпионы атағына ие болды.
Бұл жетістік гір көтеруден Қазақстан Республикасының спорт шебері Романның спорттық мансабындағы кезекті жетістігі болды.
Спортшымызды лайықты медальмен құттықтаймыз және спорт ареналарында жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -