Қарағандылық құтқарушы мемлекеттік наградаға ие болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін Алмаз Қарсыбеков мемлекеттік
награда «Ерлігі үшін»
медалімен марапатталды.Қарағанды облысы ТЖД Жасақ басшысының орынбасары – Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Алмаз Қарсыбеков 2008 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесінде қызмет атқарып келеді.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын жою кезінде тұрғын үй алаптарын су басу жағдайында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастырды. Су тасқыны аймағында қалған адамдарға көмек көрсетіп, олардың өздері мен мүліктерін құтқарып, су тасқыны аймағында барлық авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Алмаз Қарсыбековтың басшылығымен су басқан үйлерден 11 адам құтқарылып, 650 адам, оның ішінде 135 бала эвакуацияланды.
Алмаз Қарсыбековті «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау - бұл оның жеке еңбегін лайықты мойындау ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамның жанқиярлығы мен ерлігі үшін алғыс белгісі. Мұндай марапаттар басқа құтқарушыларды азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірін сақтап қалуда өздерінің ерекше жұмыстарын жалғастыруға шабыттандырады және ынталандырады деп үміттенеміз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -