Қарағанды облысында "Ауыл аманаты" жобасының тиімділігі талқыланды
"Ауыл аманаты" жобасын іске асыруда ауыл әкімдерінің рөлі артуы тиіс. Бұдан басқа, ауыл кәсіпкерлері мен кооперативтері өндіретін өнімдерді өткізуді жолға қоюда көмек қажет.
Бұл туралы Amanat партиясының Қарағанды облыстық филиалында өткен семинар-кеңесте айтылды. Оған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Amanat партиясының хатшысы Елдар Жұмағазиев қатысты.
– "Ауыл аманаты" жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған. Жоба іске асырыла бастағаннан бері облысымызда мал шаруашылығын және ауыл тұрғындарының бизнес-бастамасын қолдауға жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге 494 шағын несие берілді. Бұл 686 жұмыс орны мен 60-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға мүмкіндік берді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Биыл республикалық бюджеттен ауыл тұрғындарының бизнес бастамаларын одан әрі қолдауға қосымша қаражат түсті. 155 ауылдық округте скрининг жүргізіліп, әрқайсысы үшін бағыттар анықталды. Талдау негізінде зәкірлік кооперативтер құру жоспарлануда.
Семинар-кеңесте проблемалар туралы да айтылды. Жұмысты тежеп отырған себептердің бірі – өнім сатудың жүйесі ақсап тұрғанымен байланысты. Ауыл шаруашылығы кооперативтері деңгейінде сүтті қайта өңдеуді ұйымдастыру ұсынылады. Елдар Жұмағазиев мобильді вагондар арқылы өнімді сатудың мысалын келтірді.
– Мемлекет басшысы халықтың табысын арттыру бойынша нақты міндет қойды. Бұл ауыл және аудан әкімдері үшін негізгі индикатор, – деп атап өтті Amanat партиясының хатшысы. – Әлеует зор. Талдау көрсеткендей, қазір қаражаттың көп бөлігі мал сатып алуға жұмсалған. Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге басымдық беріледі. Біз әрбір ауыл әкімінің тұрғындарға шыға алатын өз даму бағдарламасы болатын деңгейге шыққымыз келеді. Бұл салық салынатын базаны ұлғайту үшін ауыл экономикасын қай бағытта жүргізу керектігі туралы болжам болады.
Тағы бір міндет – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, осылайша олар өз істерін ашып, тұрақты табысқа ие бола алады.
Жоба қатысушылары өздерінің табысты тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, Абай ауданының тұрғыны Надежда Елікбаева 4 млн теңге несие алып, өзінің жылыжай шаруашылығын құрған. Биыл ол көкөністерден жақсы өнім алып, өнімді толығымен сатқан. Болашақта кәсіпкер көкөніс қоймасын салып, қайта өңдеумен айналысқысы келеді. Надежданың айтуынша, бір жыл мерзімге кредиттік демалыс ол үшін жақсы қолдау болды, бұл өндірістік қуатқа шығуға мүмкіндік берген.
Үздік ауыл кәсіпкерлері сертификаттармен марапатталды.
Ал көрмеде қазірдің өзінде шығарылып жатқан өнімдер ғана емес, қолда бар жобалар да көрсетілді. Мысалы, Шет ауданынан Нұртілек Бектұрсынов өзінің аяқ киім цехын ашқысы келеді. Мамандығы бойынша ол жұмыс тәжірибесі бар технолог. Өз ауылында Қызылқой аудан әкімінің грантына аяқ киім жөндеу шеберханасын жабдықтаған.
Басқа да бизнес-идеялар бар. Ақтоғай ауданының мұғалімі Әлия Бегетаева Беғазы киелі жерінен алынған жергілікті шикізаттан мумия өндіру жобасын ұсынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -