Қарағанды облысында шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг
Қарағанды облысында суға түсу маусымының қорытындысы бойынша брифинг өтті. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтіп, оған ТЖД басшысының орынбасары Роллан Есмағанбетов қатысты. ТЖД жазғы маусымдағы маңызды жұмыстарының бірі – су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ағымдағы жылдың шомылу маусымында ТЖД мен оның аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырды.
Тұрғындармен ауқымды профилактикалық жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында басталды. Полиция департаментінің бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп облыстың су айдындарында 4 мыңнан астам рейдтер мен патрульдік іс-шаралар, су айдындарында өзін-өзі ұстау ережелері жазылған 87 мыңға жуық парақшалар ұсынылып, 50 мыңнан астам профилактикалық әңгімелесулер өткізілді.
Профилактикалық және жарнамалық іс-шараларды өткізу кезінде деректерді берудің барлық түрлері, соның ішінде инновациялық түрлері қолданылды. Облыс тұрғындары мен қонақтарына, облыстық маңызы бар қалаларда LED-экрандар арқылы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында бейнероликтер көрсетілді, орнатылған сирена-дауыс құрылғысымен жүйелі түрде ескерту жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстарға қарамастан, қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан суға түсу маусымында облыстың су қоймаларында 10 суға бату оқиғасы орын алды, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған балалар. Барлық жағдайлар суға түсуге арналмаған жерлерде орын алған. Өткен жылдың осы кезеңінде суға кетудің 12 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 1 кәмелетке толмағандар. Яғни, биыл жалпы суға батып өлу санының 12%-ға төмендеуі байқалды, топтық өлімді есепке алғанда балалар өлімі 3 есеге көп тіркелді.
Сондай-ақ, күздің басталуымен ТЖД балықшыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтауды ескертеді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -