Архат-Қарауыл жолының 10 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды
Абай ауданының Тоқтамыс ауылдық округінде 10 шақырымдық кіреберіс жолды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 3,8 шақырым жолдың құрылысы аяқталды.
Жұмысқа грейдер, К-700, үш КамАЗ және жүк тиегіші бар алты бірлік арнайы техника жұмылдырылған, Сондай-ақ учаскеде алты жұмысшы еңбектенуде.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы белгілер орнатылып, көлік қатынасы қалпына келтірілді.
Ал, Саржал ауылдық округіндегі республикалық маңызы бар жол учаскесіне полиция көлігі мен сиырдың макеті орнатылды. Бұл аталған учаскеде жүргізушілердің назарын аударып, жылдамдықты азайтуға септігін тигізері анық.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -