ҚАРИУ-ДА ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ: Астана қаласы, 14 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАРИУ-ДА ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРИУ-ДА ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРИУ-ДА ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРИУ-ДА ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

  Металлургия өнеркәсібі өндіріс көлемін арттыруда, сондай-ақ технологиялар мен жабдықтарды жетілдіруде айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Бірақ өндірілген қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мен әрі қарай пайдалануға қатысты инновациялық тәсілдер әлі де қажет. Мысалы «Qarmet» Қарағанды металлургиялық кәсіпорнының өндіріс қалдықтары қайта өңдеу тәсілін дұрыс пайдаланбағандықтан қождар жиналуда.

  Қарағанды индустриялық университеті ғалымдарынан құрылған ғылыми топ осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастыра отырып, цемент алу мақсатында тұтқыр заттарды (клинкерді) қыздырмай, домендік қожды қайта өңдеу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жұмыс технологиялық жағынан анағұрлым жетілдірілген, тиімділігі жоғары және таза өндірісті құру арқылы процесті экологияландыруға бағытталған. Сонымен қатар қыздырудан бас тарту, энергия шығынын азайту және цемент өндірісінің құнын төмендетуге әкеледі. Зерттеу жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен жүргізілуде.

  Жоба жетекшісі, т.ғ.к., доцент Виктор Романовтың айтуынша, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату тақырыбы бүкіл металлургия саласы үшін зор маңызға ие, осыған байланысты жүргізіліп жатқан зерттеу жұмысының болашағы зор.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
ҚАРИУ-ДА ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ <p align="justify">  Металлургия өнеркәсібі өндіріс көлемін арттыруда, сондай-ақ технологиялар мен жабдықтарды жетілдіруде айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Бірақ өндірілген қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мен әрі қарай пайдалануға қатысты инновациялық тәсілдер әлі де қажет. Мысалы «Qarmet» Қарағанды металлургиялық кәсіпорнының өндіріс қалдықтары қайта өңдеу тәсілін дұрыс пайдаланбағандықтан қождар жиналуда.</p> <p align="justify">  Қарағанды индустриялық университеті ғалымдарынан құрылған ғылыми топ осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жалғастыра отырып, цемент алу мақсатында тұтқыр заттарды (клинкерді) қыздырмай, домендік қожды қайта өңдеу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жұмыс технологиялық жағынан анағұрлым жетілдірілген, тиімділігі жоғары және таза өндірісті құру арқылы процесті экологияландыруға бағытталған. Сонымен қатар қыздырудан бас тарту, энергия шығынын азайту және цемент өндірісінің құнын төмендетуге әкеледі. Зерттеу жұмысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен жүргізілуде.</p> <p align="justify">  Жоба жетекшісі, т.ғ.к., доцент Виктор Романовтың айтуынша, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату тақырыбы бүкіл металлургия саласы үшін зор маңызға ие, осыған байланысты жүргізіліп жатқан зерттеу жұмысының болашағы зор.</p>

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz