Армия спортшысы Олимпиада күмісін иеленді
ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының қызметкері грек-рим күресінен ел намысын қорғаған балуан Демеу Жадыраев Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Демеу Жадыраев 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыстың финалына жетіп, күмістен алқа тақты.
Шешуші шайқаста ол жапондық Наду Кусакамен белдесті. Өкінішке қарай тартысты кездесу жапондық балуанның пайдасына шешіліп, 5-2 есебімен аяқталды.
Демеу Жадыраев Жетісу облысының Үшарал қаласында дүниеге келген. Ол 12 жасынан бастап күреспен айналысады.
Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ спорт және туризм академиясының магистрі.
2015 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
2016 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -