Артур Ластаев: Жоғары білім алу – сотталғандарды әлеуметтендірудің бір бағыты: Астана қаласы, 26 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Артур Ластаев: Жоғары білім алу – сотталғандарды әлеуметтендірудің бір бағыты

Артур Ластаев: Жоғары білім алу – сотталғандарды әлеуметтендірудің бір бағыты

Артур Ластаев: Жоғары білім алу – сотталғандарды әлеуметтендірудің бір бағыты

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ғылым және жоғары білім министріне бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғаларға жоғары оқу орындарына түсуге шектеулі квоталарды бөлу туралы ұсыныспен жүгінді.Бұған дейін Уәкіл Үкіметке сотталғандарға оқшаулау жағдайында жоғары білім алу мүмкіндігін беру идеясымен жүгінген болатын. Бұл бастама Уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. «Жоғары білім алу – сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін өз мүмкіндіктерін іске асыру тиімділігін арттыруға жол ашатын, сол арқылы қайта қылмыс жасау ықтималдығын азайтып, әлеуметтендіреуге арналған бағыттардың бірі. Сонымен қатар, мемлекеттің міндеті – сотталғандарды түзеу мекемесінен тыс өмірге дайындау», – дейді Артур Ластаев.Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқшаулау жағдайында жоғары білім алу жөніндегі пилоттық жобасын Алматы қаласы мен Алматы облысындағы екі оқу орнының базасында жүзеге асыру жоспарланғаны белгілі. Алайда, сотталғандардың басым бөлігі оқу ақысын айтпағанда, өздеріне келтірілген залалды өтеу туралы талаптар бойынша қарыздарын өтей алмайтындығына қарамастан, бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың орташа құны жылына 1,1 миллион теңгеден асады.Сондықтан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға оқуға квота бөлу жобаның табысты ілгерілеуіне елеулі қолдау болар еді.Айта кетейік, талдау қорытындысы бойынша 2023 жылы бас бостандығынан айыруға сотталған 28 500 адамның 59%-ы (16 877) орта білімді, 24% - ы (6 735) арнаулы орта білімді, 11% - ы (3 135) жоғары білімді, 1 755 сотталған (6 %) білім алмағаны анықталды.Бұл ретте сотталғандардың көпшілігі (14 618) – 15 пен 35 жас аралығындағы жастар, олар жақын арада қамау орындарынан әлеуметтік қоғамға шығады.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ғылым және жоғары білім министріне бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғаларға жоғары оқу орындарына түсуге шектеулі квоталарды бөлу туралы ұсыныспен жүгінді.Бұған дейін Уәкіл Үкіметке сотталғандарға оқшаулау жағдайында жоғары білім алу мүмкіндігін беру идеясымен жүгінген болатын. Бұл бастама Уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру бойынша тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. «Жоғары білім алу – сотталғандарға бостандыққа шыққаннан кейін өз мүмкіндіктерін іске асыру тиімділігін арттыруға жол ашатын, сол арқылы қайта қылмыс жасау ықтималдығын азайтып, әлеуметтендіреуге арналған бағыттардың бірі. Сонымен қатар, мемлекеттің міндеті – сотталғандарды түзеу мекемесінен тыс өмірге дайындау», – дейді Артур Ластаев.Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқшаулау жағдайында жоғары білім алу жөніндегі пилоттық жобасын Алматы қаласы мен Алматы облысындағы екі оқу орнының базасында жүзеге асыру жоспарланғаны белгілі. Алайда, сотталғандардың басым бөлігі оқу ақысын айтпағанда, өздеріне келтірілген залалды өтеу туралы талаптар бойынша қарыздарын өтей алмайтындығына қарамастан, бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың орташа құны жылына 1,1 миллион теңгеден асады.Сондықтан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғаларға оқуға квота бөлу жобаның табысты ілгерілеуіне елеулі қолдау болар еді.Айта кетейік, талдау қорытындысы бойынша 2023 жылы бас бостандығынан айыруға сотталған 28 500 адамның 59%-ы (16 877) орта білімді, 24% - ы (6 735) арнаулы орта білімді, 11% - ы (3 135) жоғары білімді, 1 755 сотталған (6 %) білім алмағаны анықталды.Бұл ретте сотталғандардың көпшілігі (14 618) – 15 пен 35 жас аралығындағы жастар, олар жақын арада қамау орындарынан әлеуметтік қоғамға шығады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар