Қарулы күштерді цифрландыру: жаңа мүмкіндіктер мен нақты нәтижелер: Астана қаласы, 01 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарулы күштерді цифрландыру: жаңа мүмкіндіктер мен нақты нәтижелер

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің қатысуымен брифинг өтті.

Спикер қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін армияны цифрландыру процестері, аяқталған жобалар, әзірленіп жатқан және енгізілу сатысында тұрған бағдарламалар туралы хабардар етті.

Қарулы күштердің қауіпсіздік жүйесіне жасанды интеллектпен жабдықталған бейне сараптау жүйесі енгізілетін болады. Ол әскери объектінің аумағына заңсыз кіруге тырысатын бөгде адамдарды анықтауға, адамның келбетін, автомобиль нөмірлерін тануға, адамдардың жиналуын және үй-жайлардан шыққан түтінді де анықтауға қабілетті. Бұдан бөлек, бұл жүйе камералардың істен шыққанын да анықтайды, басқарушылық және тағы басқа шешімдер қабылдау үшін деректерді талдайды, әскери қызметтің қауіпсіздігін арттырады. Қазір аталған жүйе Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде пилоттық тестілеуден өтуде. Сынақтан кейін бейне сараптау жүйесі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің барлық әскери бөлімдеріне енгізіледі.

Ең маңызды жобалардың бірі әскери міндеттілердің тіршілік циклінің барлық процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «Цифрлық әскери комиссариат» болып қала береді.

– Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, цифрлық трансформация бойынша ауқымды жұмыс атқарды, ол біртіндеп өмірдің барлық салаларына енгізіліп келеді және уақыт өте келе ол барынша айқын әрі нақты бола түседі. Қазірдің өзінде, мысалы, жергілікті әскери басқару органдарында кейінге қалдыру немесе есепке қою, есептен шығару сияқты қызметтер әскери комиссариатқа азаматтың өзінің баруынсыз шешіледі. Бұл қызметтердің барлығын E-gov-тан азаматтың жеке кабинетінен алуға болады. 2024 жылы 29 648 азамат әскерге шақыруды автоматты түрде кейінге қалдырды, – деп атап өтті Дархан Ахмедиев.

Цифрлық трансформация әскери білім беру жүйесіне де әсер етті. Барлық әскери оқу орындарын біріктіретін көпфункционалды білім беру платформасы құрылды. Бұл жүйе еңбек функцияларын орындайтын жеке модульдерді қамтиды. Оған жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана, оқу процесін жоспарлау құжаттары, электронды журналдар және цифрлық білім беру ресурстары кіреді.

Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтік құжат айналымын едәуір қысқарғаны туралы да айтты. Қорғаныс министрлігінде «Әскери қызметшінің кабинеті» сервисі іске қосылды. Онда барлық баянаттарды, анықтамаларды және басқа да қызметтік құжаттарды бірнеше минут ішінде беруге және алуға болады.

Бұдан басқа, қызметтік тұрғын үйге кезекке қою, Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының тұрғын үй-жайды жалдау шартын жасасу және ұзарту мемлекеттік қызметтері электрондық форматқа ауыстырылды. Енді бұл қызметтер E-gov және e-Gov mobile қосымшалары арқылы көрсетіледі.

– Қосымшаларды жасау, оларды енгізу және бұрыннан бар әрі табысты қалыптасқан жүйелермен интеграциялау бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Қазір тағы бірнеше жоба тестілеуден өтіп, белсенді режимде жұмыс істеуде. Олардың әрқайсысы Қарулы күштер үшін маңызды әрі тиімді болмақ, – деп қорытындылады Қорғаныс министрінің орынбасары.

Брифинг соңында Дархан Ахмедиев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар