"Арыс" Несие серіктестігі" ЖШС лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы: Алматы қаласы, 02 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

"Арыс" Несие серіктестігі" ЖШС лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы

"Арыс" Несие серіктестігі" ЖШС лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2024 жылғы «19» қарашадағы №25 бұйрығына сәйкес, "Арыс" Несие серіктестігі" ЖШС (бұдан әрі – несие серіктестігі) микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынының қолданылуы 3 ай мерзімге тоқтатылды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 1-тармағының, 2-тармақшасына сәйкес, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 7-тармағының талаптарына сәйкес, Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға және микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтін оларды өзгертуге тыйым салынады. Қарыз алушы Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымымен (несие серіктестігі) бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Несие серіктестігі клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, Несие серіктестігі алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2024 жылғы «19» қарашадағы №25 бұйрығына сәйкес, "Арыс" Несие серіктестігі" ЖШС (бұдан әрі – несие серіктестігі) микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынының қолданылуы 3 ай мерзімге тоқтатылды.</p> <p>«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 1-тармағының, 2-тармақшасына сәйкес, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды.</p> <p>«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 7-тармағының талаптарына сәйкес, Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға және микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ микроқаржы ұйымының (несие серіктестігінің) міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтін оларды өзгертуге тыйым салынады. Қарыз алушы Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымымен (несие серіктестігі) бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті.</p> <p>Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Несие серіктестігі клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, Несие серіктестігі алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар