Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Кеңес мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаты, кеңес төрағасы Нұрлан Бекназаровтың басшылығымен су тасқынына қарсы іс-шараларға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеру бойынша ҚМА жұмысының алдын ала нәтижелеріне талқыға салды.
Осылайша, Агенттік гидроқұрылыстарды салуға және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеп жатқаны атап өтілді. Осы саладағы қаржылық құқық бұзушылықтар жасауға қарсы іс-қимыл мақсатында алдын алу шаралары мәселелері талқыланды.
Қоғамдық кеңестің отырысына Төтенше жағдайлар мен су ресурстары және ирригация министрліктерінің өкілдері шақырылды, олар осы бағыттағы жұмыс туралы есеп берді.
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын қарасытырды.
Құжат қаржылық барлау бөлімшелерінің жұмысын жақсартуға бағытталған бірнеше ұсыныстар кешенін қамтиды.
Отырысқа қатысушылар қаржылық барлау бөлімшелерінің өкілеттіктерін кеңейтуге, қаржы ағындарын мониторингтеу тетіктерін күшейтуге, қаржы операциялары туралы қосымша ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ықпал ететін түзетулерді қабылдау маңызды екенін ерекше атап өтті.
Кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері де назардан тыс қалмады. Мамандарды ынталандыру мақсатында конкурстарды өткізудің бұйрықтары мен ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл қызметкерлерге жоғары тұрған басшылық лауазымдарға конкурсқа қатысу мүмкіндігін береді.
Сондай-ақ, бірқатар түзетулер қызметкерлерді басшылық лауазымдарға орналасуға, тәлімгерлік және оқытушылық қызметті жүзеге асыруға ынталандыруға бағытталған.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Бекназаров жалпы Қоғамдық кеңестің қарауына нормативтік құқықтық актілердің 5 жобасы келіп түскенін, олар бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан қоғамдық сараптама жүргізілетінін атап өтті.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -