Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Vontobel, J.P. Morgan, Eaton Vance, TCX, Janus Henderson және Bank of America инвесторлар тобымен кездесу өткізді
Дәурен Кеңбеил Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай, инвестициялық климат, бюджет саясатының жоспарлары, ішкі және сыртқы нарықтардағы елдің қаржыландыруы, алдағы жылдарға қаражат тартуы туралы хабардар етті.
Инвесторлар тобы елдің халықаралық аренадағы мықты беделін, сондай-ақ капитал нарықтарынан инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар мен экономикаға тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің ұлғаюын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -