Аса ірі алаяқтық жасады деген тағы бір күдікті Ресейден экстрадицияланды: Астана қаласы, 26 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Аса ірі алаяқтық жасады деген тағы бір күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отыры, банк клиенттерінің атынан оларға несие рәсімдеген.

Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн.теңге көлемінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың сәуір айында фигурант Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетері, осы жылы қылмыстық әрекеттері 350-ден астам жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 11 адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отыры, банк клиенттерінің атынан оларға несие рәсімдеген.

Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн.теңге көлемінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың сәуір айында фигурант Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетері, осы жылы қылмыстық әрекеттері 350-ден астам жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 11 адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар