Астана әкімі Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесті
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Байқоңыр ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Кездесу 5 сағатқа созылды. «Ашық микрофон» форматында ниет білдіргендердің барлығы сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.Тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер), жолдар, инженерлік желілер, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, ауданды абаттандыру және т.б. проблемаларды қозғады.
Осыған дейінгі кездесулерде тұрғындар Өндіріс елді мекенінде электрмен жабдықтау мәселесін бірнеше рет көтерген. Сонымен, биыл ЭЧ-8 электрмен жабдықтау желісін «Астана - АЭК» балансына беру жұмысын аяқтадық. Бұл желілерді жедел модернизациялауға және апаттарды жоюға мүмкіндік береді.
Сол сияқты ауданда тозығы жеткен апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін ауданда 9 апатты үйді бұзу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Қала тұрғындарының жайлы демалысы үшін ауданда заманауи 7 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, ұзындығы 10 шақырымға жуық пандустары бар жаяу жүргіншілер тротуарлары жабдықталды, 12 көше асфальтталды және т.б.
Кездесу барысында көтерілген проблемаларды шешу жұмысы қолға алынды. Біз оларды қысқа, орташа және ұзақ мерзімді деп бөлеміз», – деп жазды елорда әкімі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -