Астана мен БҚО білім беру саласында тәжірибе алмасты
Астана қаласы мен Батыс-Қазақстан облысының білім беру ұйымдары делегациясы арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу барысында Батыс Қазақстан облысының делегациясы елордалық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып, білім беру саласындағы жаңа бастамалар мен технологиялармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Делегация мүшелері Астана қаласындағы цифрлық платформалар мен эксперименттік-инновациялық алаңдардың жұмысымен танысып, осы бағыттағы тәжірибе мен жетістіктерді зерттеді. Әдістемелік орталықтар арасындағы ынтымақтастық білім беру саласындағы заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ, білім сапасын жақсарту мақсатында маңызды рөл атқарады.
Кездесу барысында білім беру жүйесінде қолданылатын жаңа әдістемелер, цифрландыру, инновациялық жобалар мен оқыту процестерін жаңғырту бағыттары талқыланды. Мұндай іс-тәжірибе алмасу мектептер мен балабақшаларда білім беру сапасын арттыруға және әр аймақтың өзара тәжірибе алмасу арқылы жақсы нәтижелерге жетуіне ықпал етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -