Елорда жанкүйерлері өзгелерге тағы да үлгі көрсетті
Футзалдан ЕУРО-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қарсыласын 7:3 есебімен жеңгеннен кейін жанкүйерлер қауымы кезекті рет жауапкершілік танытып, стадион трибунасын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Команданы қолдау тек матчтағы эмоция ғана емес, сонымен қатар қалаға, аренаға, өзге адамдарға деген құрмет. Бұл біз үшін игі дәстүрге айналды», - деді жанкүйерлердің бірі.
Мұндай бастама Астанада танымал болып, таза қала мәдениетін қалыптастырып келеді.
Маңызды матчты 3 мыңнан астам көрермен тамашалады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -