Астанада апатты мектеп бұзылып, жаңасы салынады
Астанада білім беру нысандарының техникалық жай-күйін жыл сайын тексеру барысында №25 орта мектеп апатты деп танылды. «ТехЭксперт-Т» ЖШС аккредиттелген ұйымы өткізген 2024 жылғы 20 шілдедегі техникалық қорытындыға сәйкес, нысанның техникалық және санитарлық талаптарға сәйкессіздігі анықталды. Ғимараттың физикалық тозуы 54,4% құрады.
Бүгінгі таңда Астана қаласы Білім басқармасы білім алушыларды көрші мектепке бөлу бойынша шаралар кешенін дайындады. Жақын маңдағы № 36 мектеп Қарасай батыр көшесі, 10 мекенжайында орналасқан. Айта кету керек, ғимарат 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген. Мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған. Бұл екі мектептің оқушыларын оқу процесін ұйымдастыру кезінде проблемалар туғызбай осы ғимаратқа орналастыруға мүмкіндік береді.
№ 36 мектеп әкімшілігімен сыныптарды орналастыру, оқу кабинеттерін бөлу бойынша барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді, балаларды қабылдау кезінде мектеп ғимаратына кіру және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселесі анықталды.
№25 орта мектептің аумағында оқу процесін ұйымдастырудың барлық заманауи талаптарына сәйкес келетін жаңа мектеп салынады. Бүгінгі таңда жаңа мектепті жобалау және жобаны жергілікті жерге байланыстыру жұмыстары басталды.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қалада 100 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымда) 30-дан астам мектеп салынуда. Жаңа оқу жылында 23 мектеп салынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -