Астанада азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қалалық Бос орындар жәрмеңкесі өтеді
15 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қалалық Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Жоғары Политехникалық колледж аумағында өтеді. Құрылыс, өндіріс, сауда, қаржы, көлік және қоймалау сияқты түрлі салаларда 1168-ден астам бос орын ұсынуға дайын 70-тен астам жұмыс берушілер болады.
Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 39;
Басталуы: сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін;
Байланыс: + 7 708 904 75 72 Аманжол Айтқазин (баспасөз хатшысы).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -