АСТАНАДА ФОРУМ АЛАҢЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНУДА
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Білім беру сапасын арттыру - ақпараттық кеңістіктегі жоғары оқу орындарының стратегиялық даму феномені ретінде» атты Орталық Азия халықаралық форумының ашылуына қатысты.Ведомство басшысы өзінің құттықтау сөзінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық кадрларды даярлау сапасына басымдық беретінін атап өтіп, аккредиттеу орталықтарының білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы құралы ретіндегі рөліне тоқталды.
Қазақстанда білім беру бағдарламалары тұрақты негізде жетілдірілуде, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның тәуелсіз емтихан жүйесі енгізілді, инфрақұрылым жетілдірілуде, жаңа жабдықтар мен әдебиеттер сатып алынуда.
Ведомство басшысы бұл форум жоғары білім сапасын қамтамасыз ету ісінде жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеу үшін пайдалы диалог алаңына айналатынына сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -