Астанада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді
30 тамыз күні Ботаникалық бақта ҚР Конституциясы күніне арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа қатысқысы келетіндер 30 тамызда сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін тегін тіркеле алады. Жарыстың өзі 08:00-де басталады.
Жарысқа қашықтықты еңсере алатын барлық ниет білдіруші шақырылады:
Үлкен жарыс – 4000 м;Кіші жарыс – 1300 м.Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.
Айта кетейік, бұқаралық жүгіру спорттық іс-шара болып саналмайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -