Астанада Конституция күніне орай «Егемендігім – елдігім!» республикалық челленджі өтті
Астанада 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Егемендігім – елдігім!» республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астананың Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері іс-шараны өткізу үшін «Астана-Бәйтерек» монументі мен «Нұржол» гүлзарының жанындағы алаңға жиналды. Орталық зейнеткерлері мәдени іс-шараны Ата Заңымызды ұлықтау және оның мәртебесін асқақтату, еліміздегі тұрақтылық пен заңдылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырды.
Челленджге елордадағы Алматы, Байқоңыр, Нұра, Сарыарқа және Есіл аудандарынан 200-ге жуық өнерлі ата-әжелер қатысып, ҚР Әнұранын орындады.
«Ата заң – мемлекетіміздің өміріндегі ең маңызды құжат. Онда жазылған әр бап пен тармақ біздің өміріміздің қалай өрбуіне ықпал етеді. Сондықтан Конституция күні қарсаңында елорданың егде жастағы азаматтарының атынан осы заңға құрмет көрсету, оны бұлжытпай орындауға шақыратын осындай іс-шара өткіздік. Бүгінгі челленджден бөлек біздің орталықтың әр аудандағы филиалдарында Ата заңымыздың мәні мен маңызын түсіндіруге арналған кездесулер де өтті. Барша халқымызды осы мерекемен құттықтап, еліміз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүруін тілейміз! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін!» – дейді Астана қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Есіл ауданы бойынша филиалының басшысы Жанар Есенаманова.
Ұлттық киім киіп, «Бәйтерек» монументі жанында салтанатты сән құрған зейнеткерлер челленджді жоғары деңгейде өткізіп, бас қосу соңында өнегелі бастаманы жалғастыру үшін челленджді алматылық зейнеткерлерге жолдады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -