Астанада Ұлттық ұланның сарбазы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды
19 маусымда Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығына сәйкес судан адам құтқару кезінде батылдық пен өжеттілік танытқаны үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Махмет Әлішер марапатталды.
5573 әскери бөлімінде Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев Махмет Әлішерді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалымен марапаттап, адам құтқару кезіндегі танытқан қырағылы мен жедел әрекеттері үшін оған алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 15 маусымда кешкі уақытта патрульдеу кезінде Ақбұлақ өзенінде өздігінен судан шыға алмаған ер адамды көріп, көмекке асыққан. Әлішер ойланбастан суға түсіп, нәтижесінде 2008 жылғы жасөспірім құтқарылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -