Астанада Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық желісінің 10-мерейтойлық пленарлық отырыс өтті: Астана қаласы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астанада Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық желісінің 10-мерейтойлық пленарлық отырыс өтті

Астанада Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық желісінің (CASC – Judicial Cooperation Network for Central Asia and Southern Caucasus) 10-мерейтойлық пленарлық отырысын өткізді.

АНЫҚТАМА. CASC желісі 2014 жылы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аясында өзара іс-қимылдың бейресми механизмі ретінде құрылған және Орталық Азияның 5 елі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан) және Оңтүстік Кавказдың 3 елі (Армения, Әзербайжан, Грузия) белгілеген байланыс тұлғалардан тұрады.

Барлық байланыс тұлғалары Желіге қатысушы елдердің бас прокуратураларының халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бөлімшелерінің прокурорлары болып табылады.

Желінің негізгі мақсаты – байланыс тұлғалар арқылы бейресми консультациялар жүргізу жолымен өңіраралық өзара іс-қимылды қолдау және қылмыстық істер бойынша тиімді халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізу.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан прокурорлары, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Таиланд және Түркия сарапшылары, БҰҰ ЕҚБ-ның (UNODC), ЕВPОЮСТ-тың (EUROJUST), Еуропалық әділет желісінің (EJN – European Judicial Network), Оңтүстік-Шығыс Азия елдері әділет желісінің (SEAJust – South East Asia Justice Network), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарының жаһандық жедел желісінің (GlobE Network – Global Operational Network of Anti-Corruption Law Enforcement Authorities) және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушыларға арнаған сөзінде Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев CASC желісі халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы білім мен тәжірибе алмасудың бірегей платформасына айналғанын, сондай-ақ бұл отырыстың мақсаты халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды одан әрі күшейту болып табылатынын атап өтті.

Пленарлық отырысқа қатысушылар қылмыстық істер бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың жекелеген өзекті мәселелерін, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, процестерді цифрландыру, киберқылмыспен, есірткі қылмыспен, ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен және ақшаны жылыстатумен күресу жолдарын, сондай-ақ активтерді қайтаруды талқылады.

Кездесу нәтижесінде жаһандық және өңірлік қауіп-қатерлерге қарсы тұру, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты күшейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар