Астанада құрылысы 10 жылға созылған тағы бір тұрғын үй кешені аяқталды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне пәтер кілті беріле бастағаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Құрылысы 10 жылға созылған тағы бір нысанды аяқтадық. Жеке құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын 2014 жылы қабылдай бастаған, алайда тұрғын үй кешенінің құрылысы 2015 жылы тоқтап қалды.
Содан бері «Коргалжынский квартал» тұрғын үй кешенінде пәтер кілтін 280 үлескер күтіп жүрді. Оны ЕҚК-ге тапсыру кезінде нысанның тек 60% ғана дайын болатын. Бұл ретте құрылыс материалдарының табиғи түрде ескіруіне байланысты көптеген конструкциясы демонтаждалды. Сол сияқты үйге техникалық тексеру жүргізіліп, шатыры күшейтілді әрі жөндеу жүргізілді, барлық қабаты салынды және т.б.
Бүгін Елорда күніне орай үлескерлерге пәтер кілтін тапсыра бастадық. Қоныс тойы және Астана күні құтты болсын!» - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -