Қазақстан Энергетика министрі еліміздегі жаңа МӨЗ жобалау жоспарлары туралы мәлімдеді
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.
Баяндамадан;
«2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаттылығы жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалауды 2030 жылдан кешіктірмей және 2032 жылы салуды бастау қажет.
Одан кейін 2030 – 2036 жылдары дизель отынына қажеттілік жылына қосымша 2 млн.тоннаға артады, бұл 2050 жылға дейін жыл сайын 0,3-0,35 млн. тоннаға өсетін 0,2 млн. тонна тапшылығына алып келеді.
2028-2030 жылдар аралығында 2036-2040 жылдары жанар-жағармайдың ықтимал импортына байланысты өндіріс-тұтыну теңгерімдерін үнемі жаңартып отыру қажет.
Жаңа МӨЗ құрылысы 2040 жылдан 2050 жылға дейін елдің жанар-жағармай қажеттілігін жабады және жанар-жағармайды Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді".
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -