Қазақстан Энергетика министрі нарықтың отынға деген қажеттілігін толығымен жабуға көмектесетін шараларды айтты
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.
Баяндамадан;
"Мұнай өнімдерін өндіруді одан әрі арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Шымкент МӨЗ-де 2030 жылға қарай өндірістік қуаттылықты 2 есеге немесе 6-дан 12 млн. тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда. Зауыттың мұнаймен жүктелуін қамтамасыз ету үшін Атырау – Кеңқияқ, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту іске асырылатын болады.
Павлодар МӨЗ-де 2026 жылға дейін қосымша 500 мың қысқы дизель отынын өндіру бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. 1-ші кезеңде бұл мұнайды бастапқы өңдеу қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жылына 8 млн. тоннаға дейін мұнай өңдеу үшін Павлодар МӨЗ кеңейтудің 2-ші кезеңі басталады. Ағымдағы жылдың соңына дейін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуші бойынша таңдау жоспарлануда.
Атырау МӨЗ-де 2028 жылға дейін мұнайды қайта өңдеу қуатын жылына 5,5 млн.тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін ұлғайту есебінен ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді 66% - дан 77% - ға дейін ұлғайту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Бұл нарықтың бензинге, авиациялық және дизель отынына деген қажеттілігін 2035 жылға дейін қоса алғанда толық жабуға және артық жанар-жағармайды экспорттауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың 10 айында мұнай өңдеу көлемі 15,1 млн. тоннаны құрады. 2024 жылы мұнай өңдеу 17,9 млн.тонна деңгейінде, 2032 жылға арналған жоспар – 28 млн. тонна деңгейінде болады деп күтілуде.
Ағымдағы жылдың 10 айында мұнай өнімдерін өндіру 11,1 млн. тоннаны құрады. А.ж. болжамы 14,5 млн. тонна деңгейінде, 2032 жылға арналған жоспар – 23,7 млн. тонна деп күтілуде".
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -