Астанада самокат әуесқойлары арасында бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтер өткізілді
Полиция қызметкерлері самокат шеринг операторларымен бірлесіп, елордада ЖҚЕ сақталуын тексерді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Хан-Шатыр» СОО алдындағы алаңда самокат жүргізушілеріне арналған мектептің жанында көлік өкілдері Астана полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, жол қозғалысын бұзушыларды анықтау бойынша рейд өткізді. Полиция қызметкерлері самокатты қауіпсіз жүргізу бойынша рейдтерді тұрақты өткізіп тұрады.
«Құқық бұзушылардың жолын кесу бойынша рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Қасақана бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүзеге асырылады. Қасақана жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз қала тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін түсіндіретін акцияларды белсенді қолдауға тырысамыз», – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Қапаров.
Рейд барысында профилактикалық әңгімелер өткізілді, олардың кейбірі шақыру бойынша жол ережелерін қайта оқыту үшін жол мектебіне барды.
«Біз тұрғындарға жол ережелері туралы айтып, самокаттарды басқарудың негізгі дағдыларын үйретеміз. Біз үшін басты мақсат – Қазақстан жолдарында көлік жүргізу және қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Аталған іс-шара үшінші жыл қатарынан өткізіліп, Алматы мен Астанада 5000-нан астам адамды оқыттық. Жазғы кезеңде самокаттардың ерекше сұранысқа ие болуына байланысты Астанада бұл шара биылғы жазда екінші рет өтіп жатыр», – деп бөлісті Whoosh Kazakhstan Бас директоры Серік Қанапиянов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -