Астанада Сирия бойынша кезекті халықаралық кездесу өтіп жатыр: Астана қаласы, 11 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астанада Сирия бойынша кезекті халықаралық кездесу өтіп жатыр

2024 жылғы 11 қарашада Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге арналған Астана процесі аясындағы халықаралық келіссөздердің 22-ші раунды басталды.

Бұл кездесуге қатысу үшін Қазақстан елордасына 11 делегация келді. Сирия Үкіметінің келіссөз тобына Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрдің орынбасары Айман Раад жетекшілік етсе, Сирия оппозициясы атынан Ахмад Тома басшылық етуде.

Сонымен қатар кездесуге кепілгер елдердің делегациялары қатысуда: Ресей делегациясын Сириядағы жағдайды реттеу бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР СІМ-нің Екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакул, ал Иран делегациясын ИИР СІМ-нің Арнайы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Асгар Хаджи басқаруда.

Келіссөздерге бақылаушы ретінде Иордания, Ливан және Ирак өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы және Қызыл Крест өкілдері қатысуда.

Бұған дейін хабарланғандай, ү.ж. 11-12 қарашада делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өтеді, олардың қорытындысы ретінде делегация басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы өтеді.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

2024 жылғы 11 қарашада Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге арналған Астана процесі аясындағы халықаралық келіссөздердің 22-ші раунды басталды.

Бұл кездесуге қатысу үшін Қазақстан елордасына 11 делегация келді. Сирия Үкіметінің келіссөз тобына Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрдің орынбасары Айман Раад жетекшілік етсе, Сирия оппозициясы атынан Ахмад Тома басшылық етуде.

Сонымен қатар кездесуге кепілгер елдердің делегациялары қатысуда: Ресей делегациясын Сириядағы жағдайды реттеу бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР СІМ-нің Екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакул, ал Иран делегациясын ИИР СІМ-нің Арнайы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Асгар Хаджи басқаруда.

Келіссөздерге бақылаушы ретінде Иордания, Ливан және Ирак өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – Біріккен Ұлттар Ұйымы, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы және Қызыл Крест өкілдері қатысуда.

Бұған дейін хабарланғандай, ү.ж. 11-12 қарашада делегациялардың екіжақты және үшжақты консультациялары өтеді, олардың қорытындысы ретінде делегация басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс пен баспасөз конференциясы өтеді.

Аймақтағы жаңалықтар