Астанада Төле би көшесінің учаскесі 1 қыркүйектен бастап ашылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі 306 көше құрылысы» жобасын іске асыру аясында кезекті кезеңнің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ек-32 көшесінен Сығанақ көшесіне дейін Төле би көшесінің құрылысы бойынша жұмыс жүргізілді. Осы учаскеде көлік қозғалысы 1 қыркүйектен бастап қамтамасыз етіледі.
Көшенің бұл учаскесі көлікке қолжетімділікті жақсартуға және қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -