Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр: Астана қаласы, 25 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

Бүгін елордада "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" науқаны басталды. Іс-шаралар зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын алу шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астанада биылғы 10 ай ішінде 102 нөміріне тұрмыстық негіздегі отбасылардағы агрессия фактілері бойынша азаматтардан 8000-нан аса қоңырау түсті. Бұл туралы 25 қараша – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне орай елордадағы коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің жетекшісі, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, 10 айда зорлық-зомбылық фактісі бойынша құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша 7600-ден астам қорғау нұсқамасы шығарылды, құқық бұзушының мінез-құлқына 647 ерекше талап белгіленді. Профилактиканы күшейту мақсатында есепке алынатын контингентпен жұмыс жанданды.

Зорлық-зомбылық жасалып жатқан, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысы жүргізілуде. Мысалы, барлығы 200-нан астам локалды аралау жүргізілген. Соның ішінде өмірлік қиын жағдайдағы 64 отбасы анықталып, 75 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтындардың есебіне қойылды. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 121 адам тартылған.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" халықаралық науқаны дәстүрлі түрде 25 қарашада Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні басталып, 10 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күні аяқталады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz