Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза мектеп» челленджі басталды
Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Экоакция аясында Білім басқармасының ұйымдастыруымен елорда мектептерінде «Таза мектеп» челленджі басталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталмыш челлендж қаладағы Б.Сырттанұлы атындағы №34 орта мектептен бастау алды. Мұнда мектеп қызметкерлері жаңа оқу жылына дайындық ретінде тазалық жүргізді. Ал «Жасыл ел» жасағының волонтерлері мектеп ауласында ағаштарды суарып, қоқыстан тазартты.
Айта кетейік, биыл бұл екі қабатты білім ошағының ауласына 200 түп ағаш отырғызылды.
«Бұл іс-шараның мақсаты 2024-2025 жаңа оқу жылына ағымдағы жөндеу және тазалық жұмыстарын жандандыру. Бұл акция барлық мемлекеттік мектепте жүргізіледі.Оған мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысып, білім ошақтарының ауласын көгалдандыруға өз үлесін қосады», – деді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы.
Білім басқармасы өкілінің айтуынша, бұл игі шара жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -