Астанада «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп жатыр
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акция аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» іс-шарасын жалғастырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
27 мамыр күні «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қарасу өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды.
Іс-шараға Алматы, Есіл аудандары әкімдігінің, «AMANAT» партиясының өкілдері мен қоғам белсенділерінен тұратын 100-ден аса адам қатысты.
Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу сияқты абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды.
Әр мобильді топ құрамында экологиялық кеңес мүшесі, мәслихат депутаты, аудандық партиялық филиалдарының төрағалары, аудандық атқарушы хатшылары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, партияның белсенді мүшелері бар.
Осыған дейін мобильді топтар жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысына сәйкес қала ішіндегі және қала маңындағы 20 заңсыз қоқыс орны анықталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -