Астанада ВПЧ-ға қарсы вакцинациялауға дайындық қалай жүріп жатыр
Осы жылдың күзінде Қазақстанда адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады. Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева елордада вакцинациялауға дайындық барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Адам папилломавирусына қарсы жоспарлы вакцинация 2024 жылдың күзінде 11 жастағы қыздарға жасалады. Вакцинация мектептерде, ерікті негізде, ата-аналардың ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Көпжылдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинация 0-6 ай аралығымен екі рет жүргізіледі.
«Қазақстанда жоспарлы вакцинацияда АҚШ өндірген «Мерк Шарп және Доум» адам папилломавирусына қарсы вакцина қолданылатын болады. ВПЧ-тің 4 жоғары онкогенді түрінен қорғайтын төрт валентті вакцина – 6, 11, 16, 18», – деді Жанна Пірәлиева.
Адам папилломавирусына қарсы вакцинаның 2006 жылдан бастап, әлемнің 135 елінде: Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Дания, Норвегия, АҚШ және т.б. қолдануда көп жылдық тәжірибесі бар. ТМД елдерінде ВПЧ-ға қарсы вакцинация бағдарламасы Армения, Грузия, Молдова, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде енгізілді.
Спикер атап өткендей, ВПЧ инфекциясы жатыр мойны обырының дамуының негізгі себептерінің бірі болып саналады, ол бүкіл әлемдегі әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің ішінде төртінші орында. Ал Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр.
Дәрігерлер ВПЧ вакцинасын вирустық инфекцияны болдырмайтын сенімді жолы деп атайды. «Мен ВПЧ тері-шырышты қабаттар немесе тері арқылы теріге жанасу арқылы берілетінін атап өтемін. Сондай-ақ, вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі. Өзін-өзі жұқтыру арқылы, яғни ВПЧ тырнақ астында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, демек адам инфекцияны алып, өзін жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, мен ата-аналарды вакцинацияға деген көзқарасты өзгертуге шақырғым келеді. Өйткені, бұл вакцина сіздің балаңыздың денсаулығы үшін Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес басқа міндетті вакцинациялар сияқты маңызды», – деді ол.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -