Астанада «Жасыл ел» жастарының үздіктері марапатталды
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Республикалық «Студенттік құрылыс және жастар жасақтары қозғалысы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХX еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы Республиканың барлық өңірінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырыла бастады. Осы 20 жылдың ішінде Астана қалалық «Жасыл ел» штабы қаламызда елеулі жұмыс атқарып, 14 және 35 жас аралығында жұмыссыз жастар мен студенттерді жазғы еңбек маусымында жұмысқа орналастырып келеді. Биыл «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 4200-ге дейін адамды жұмысқа орналастырды, оның ішінде көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды (14 жастан бастап) жазғы уақытта жұмысқа орналастыру көзделген және жобаға қатысатын барлық жастар арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
«Жасыл ел » сарбаздары экологиялық акциялар аясында қала тазалығы н қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Басқарма тарапынан жастарды еңбекке тарту, оларды сол арқылы отанын сүюге, айналаға қамқор болуға тәрбиелеуге зор мән беріледі. «Жасыл ел» қозғалысы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Сол жылы Астана қаласында «Жасыл ел» Жастар еңбек жасағының Республикалық штабы құрылып, еліміздің барлық аймағанда бөлімшелері ашылып, өз жұмысын бастап кеткен. Жобаны іске асыруда 100-ден астам серіктес ұйыммен жұмыс жүргізілді», — деді ол.
Жиын барысында 100-ге жуық жас алғыс хаттармен марапатталып, олардың ішінде ерекше еңбегімен көзге түскендерге «Үздік команда», «Үздік капитан», «Үздік сарбаз» номинациялары берілді. Салтанатты іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -