Астаналық зейнеткерлер көңілді старттар ойынына қатысты
Елордадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы спорт күнін зейнеткерлерге арналған қызықты эстафеталармен атап өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Халықаралық спорт күніне орай зейнеткерлердің денсаулықтарын нығайту және белсенді өмір салтын ұстану мақсатында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Жетісу» саябағына жиналып, «Көңілді старттар» спорттық шарасын өткізді. Саябаққа келушілер қызықты эстафеталар мен түрлі дене шынықтыру жаттығуларын тамашалады.
Жарыс командалық және жеке кезеңдерді қамтыды. Бұл әр ойыншыға өз күші мен шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның позитивті атмосферасы келушілерді шаттыққа бөлеп, жанкүйерлер қатысушыларға зор қолдау көрсетті. Көңілді старттарға қаладағы 200-ге жуық зейнеткер қатысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -