Астананы көгалдандыру: жергілікті суару жүйелері және қала тұрғындарының жайлылығы үшін миллиондаған өсімдік
Биыл қалада бір миллионға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызылады. Оның басым бөлігі қазірдің өзінде отырғызылды, сол сияқты жасыл белдеу де назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, жасыл желектер көрікті жерлерге, мәдени, спорттық, білім беру және т.б. нысандарға отырғызылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Мысалы, Байқоңыр ауданында 1500-ден астам ағаш, 8 мың шаршы метрден астам гүлзар, 732 п.м. бұталы қоршау, 5000-нан астам сәндік гүлді бұталар отырғызылды.
2025 жылы тұрақты суаруды қамтамасыз ету және екпелерді қолдау үшін 1500 ағаш, 31 мың бұта, 6 мың шаршы метр гүлзар және т.б. отырғызу жоспарланып отыр. Көгалдарды тұрақты суару және күтіп-баптау үшін биыл ұзындығы 28,8 шақырымды құрайтын 5 аумаққа жергілікті суару жүйелері орнатылды. Бұл шаралар жасыл кеңістікті сақтауға және суды тұтыну мөлшерін азайтуға көмектеседі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -