Атбасарда орталық қазандық реконструкциялануда
Атбасар облыстың қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі болып табылады, бүгінгі таңда қала халқы 30 815 адамды құрайды.
Атбасарлықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда орталық қазандықты жаңғырту мәселесі ерекше өзекті. Жоба үш жылға есептелген, жұмыс өткен жылдан бері жүргізілуде, қазіргі уақытта қала тұрғындарына басталған жылыту маусымында жылумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, ауқымды жоба қаланың экологиялық құрамдас бөлігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
«Орталық қазандықты жөндеу аяқталғаннан кейін экологиялық компонент жақсарады, біз барлық сорғы станцияларын бір орталықтандырылған қазандыққа ауыстырамыз, түтін мен көмірқышқыл газының шығуы азаяды. Маңызды факт: қазандықтың қуаты артады, бүгінгі күні қазандықтың қуаты 23 гигакалорияны құрайды, реконструкциялаудан кейін 120 Гкал болады. Қазір біздің қалада 17 қазандық жұмыс істейді, жақын арада бірыңғай жүйе болады, бұл процесті оңтайландыруға және орталықтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар үшін температура режимі жақсарады, жылу энергиясының сапасында оң өзгерістер күтіледі. Ағымдағы жылы мердігер ұйыммен №3, №4 қазандықтардың іргетастарын бөлшектеу; ғимарат ішіндегі ауа өткізгіштердің газ жолдарын жөндеу; № 3, №4 қазандықтардың күлді кетіру қожының кірпіш қалқанын реконструкциялау; тарату торабының үй-жайын жаңарту; қолданыстағы кәріз құдықтары мен желілерін бөлшектеу; №3, № 4қазандықтардың металынан жасалған циклондарды, бұру газ жолдарын, алаңдарды, эстакадаларды күрделі жөндеу; су жинағын кеңейтуді жөндеу; үрлемелі желдеткіштер мен газ құбырлары үшін іргетасты монтаждау және №3 қазандық үшін іргетасын қалау орындалды. Сонымен қатар, химиялық су өңдеу ғимаратына арналған шұңқыр жабдықталды, химиялық су өңдеуге арналған үй-жайларды монтаждау, түтін сорғыштардың іргетастарына механикаландырылған тәсілмен топырақ әзірлеу жүргізілді және №3 қазандықтың қиыршық тас негізін тығыздау жүзеге асырылды», - деп хабарлады Атбасар ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ермек Бибеков.
Ермек Серікұлының мәліметінше, қазіргі уақытта циклондарға арналған тірек конструкцияларын монтаждау, қазандықтарға арналған циклондарды құрастыру, химиялық су өңдеу ғимаратының тұрмыстық үй-жайларының едендерін орнату және қабырғаларын әрлеу, химиялық су өңдеу ғимаратының фасонды бұйымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
«Жобаны аяқтау үшін №3 қазандықтың жану камерасының құрылысын орындау, редуктор мен электр қозғалтқышы бар скрепер-шөміш көтергішін монтаждау қажет. Біздің жоспарларымыз бойынша барлық жұмыстар 2026 жылы аяқталады. Келесі жылы қарқынды жұмысты жалғастыратын боламыз, бірнеше қазандықтарды орнату, іргетастарды бөлшектеу, түтін мұржаларының негізі, отын беруді реттеу, түтін құбырларын салу, суды химиялық тазартуды орнату және ауыстыру жоспарлануда. Өткен жылы қазандықтарды күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілді, атап айтқанда: оттық ауыстырылды, қазандықтарды қаптау жүргізілді, 1 және 2-қазандық тиісінше жұмыс істейді, жылу беру тұрақты жүріп жатыр», – деп атап өтті Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде.
Ведомствоның ақпараты бойынша, Атбасар қаласының орталық қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 3693 абонентті жылумен қамтамасыз ету жақсарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -