Атырау облысында «Балаларды суда қорғаңыздар» акциясы
Республикалық «Балаларды суда қорғаңыздар» акциясында ТЖД журналистер үшін және мектеп жанынан ашылған лагерлердің балалары үшін суға батып бара жатқан адамды құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсетіп, пресс-тур өткізді.
Шара барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару құралдарын таныстырып, жасақтың мейіргері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары судан құтқарылған адамға медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті. Журналистер құтқарушылармен бірлесіп су айдындарында рейд жүргізді.
Облыста суға шомылу маусымы ресми ашылған жоқ. Құтқарушылармен су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Алайда биыл жаз басталғалы 9 адам, оның ішінде 4 бала суға батып кетті. Ал жыл басынан бері 8 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
Атырау облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -