Атырау облысында «ОРМАН» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Ағымдағы жылдың 8-14 шілде аралығында Атырау облысының орман қоры аумағында «ОРМАН» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіледі. Бұл іс-шаралардың негізгі міндеті орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Атырау облысы бойынша орман қорларының аумағы 56 265 га құрайды. Ағымдағы жылы ауданы 10 410 га болатын 5 өрт және ауданы 113 га болатын 8 жану оқиғасы тіркелді.
Осыған байланысты ТЖ департаменті полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Атамекен» демалыс орнына және Жайық өзені жағасында демалушыларға өрт қауіпсіздігі, жалпы қауіпсіздік жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында халыққа өрт ошағы пайда болған жағдайда қолданылатын іс-қимыл түсіндірілді:
- өрт ошағын брезент қиындысымен, жермен, топырақпен сөндіруге тырысыңыз;
- өрттен қашу кезінде, өрттің таралу жолына перпендикуляр бағытта қозғалыңыз;
- тыныс алу органдарын мата қиындысымен, орамаламен, сүлгімен, мүмкіндігінше суланған түрімен қорғаныңыз;
- синтетикалық материалдарадан жасалған киімнен құтылыңыз;
- шығатын жол болмаған жағдайда өрт ошағын сөндіруге тырысыңыз;
- өрт аумағынан шыққаннан кейін, өрттің пайда болуы туралы өрт сөндіру қызметі мен жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.
Орман, саяжайларда, табиғатта демалғанда, аңшылыққа шыққанда өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Әрбір адам өз іс әрекетіне жауапкершілікпен қарағаны дұрыс.
Атырау облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -