Атырау облысындағы «Судағы қауіпсіздік» тақырыбындағы брифинг: Астана қаласы, 17 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Атырау облысындағы «Судағы қауіпсіздік» тақырыбындағы брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Б. Абланов сөз сөйледі.

«Өңірде енгізілген төтенше жағдайға байланысты тұрғындардан шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, олар тек азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақта үлкен көлемдегі судың келуіне байланысты қауіп бар екенін атап өтемін. Өкінішке орай жыл басынан өңірде 6 адам суға кетсе, оның біреуі кәмелетке толмаған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйінде шомылу, өз күшін асыра бағалау, балалар арасында еркелік пен ата-ананың назарын аудармау салдарынан болады. Рұқсат етілмеген қауіпті аймақтарда суға түскен тұрғындар жауапкершілікке тартылады. Осы жылдың 1 маусымынан бастап 193 рейд жүргізіліп, 67 тұлға жауапкершілікке тартылды», - деді спикер.

Сонымен қатар, облыста суға түсуге тыйым салынған 70 қауіпті аймақты атап өтті, олар: Атырау қаласы бойынша – 17, Индер ауданында – 10, Махамбетте – 19, Құрманғазыда – 2, Жылыойда – 7, Қызылқоғада – 15 жерде орналасқан. Бұл орындарда 238 тыйым салынған белгілер орнатылды.

Брифинг соңында спикер тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Атырау облысы ТЖД

қоғаммен байланыс тобы

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Б. Абланов сөз сөйледі.

«Өңірде енгізілген төтенше жағдайға байланысты тұрғындардан шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, олар тек азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақта үлкен көлемдегі судың келуіне байланысты қауіп бар екенін атап өтемін. Өкінішке орай жыл басынан өңірде 6 адам суға кетсе, оның біреуі кәмелетке толмаған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйінде шомылу, өз күшін асыра бағалау, балалар арасында еркелік пен ата-ананың назарын аудармау салдарынан болады. Рұқсат етілмеген қауіпті аймақтарда суға түскен тұрғындар жауапкершілікке тартылады. Осы жылдың 1 маусымынан бастап 193 рейд жүргізіліп, 67 тұлға жауапкершілікке тартылды», - деді спикер.

Сонымен қатар, облыста суға түсуге тыйым салынған 70 қауіпті аймақты атап өтті, олар: Атырау қаласы бойынша – 17, Индер ауданында – 10, Махамбетте – 19, Құрманғазыда – 2, Жылыойда – 7, Қызылқоғада – 15 жерде орналасқан. Бұл орындарда 238 тыйым салынған белгілер орнатылды.

Брифинг соңында спикер тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Атырау облысы ТЖД

қоғаммен байланыс тобы

Аймақтағы жаңалықтар